12:14, 07 Қазан 2013 | GMT +5
Елорда тұрғындарының сауда орындарына «халықтық бақылау» жасауға мүмкіндігі бар
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Астананың салық департаменті өзінің astananalog.kz сайтында «Халықтық бақылау» атауымен жаңа жобаны іске қосты.

Атап айтқанда, бұл жоба арқылы елорданың тұрғындары мен кәсіпкерлерінің салықшылармен бірлесе отырып, қаладағы дүкендер мен дәмханалар,мейрамханалар, сондай-ақ букмекерлік кеңселер кассаларының заңсыз қызмет ету фактілерін әшкерелеуге атсалысуына болады.
«Анықталған фактілер туралы қала тұрғындары Астананың салық органдарына сайт арқылы жолдай алады немесе салық департаментінің 77-33-20, 77-33-21 телефон нөмірлеріне қоңырау шалып, хабарласу мүмкіндігі бар. Осы жоба алақол салық төлеушілерді уақтылы анықтауға және олардың заңсыз қызметіне жол бермеуге, адал бәсекелестіктің дамуын қамтамасыз етуге жол ашады», делінген таратылған мәліметте.