Елорда тұрғыны 1,5 млн теңге алимент қарызын қолма-қол ақшамен төледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қылмыстық жазаны болдырмау үшін борышкер алимент бойынша 1,5 миллион теңге мөлшерінде қарызды қолма-қол ақшамен толық көлемде төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына сілтеме жасап.
Борышкер 2019 жылдың тамыз айынан бері қарыз болып жүр. Ол екі балаға алимент төлеуге міндетті болған, бірақ, өкінішке қарай, төлемнен жалтаруға тырысқан.
«Қарызбен айналысатын сот орындаушысы борышкерді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін істі құқық қорғау органдарына жіберді. Осыдан кейін борышкер қылмыстық жазадан құтылу үшін 1,5 миллион теңге мөлшерінде қарызды дереу толық көлемде төледі», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ЖСО өңірлік палата басшысының орынбасары Мадина Жанасаева.
Нұр-Сұлтан қаласында «Борышкер» рейд шарасын өткізу кезінде сот орындаушылары уәкілетті органның шешімі бойынша алимент, салық берешегін және айыппұл өндіріп алу үшін 30-дан астам автокөлікті мамандандырылған айыппұл тұрағына қойды.
Еске сала кетейік, «Барышкер» рейді елордада екі ай бойы жүргізілді. Осы уақыт аралығында сот орындаушылары айыппұл мен салық бойынша 234 506 505 теңге болатын 15 153 материалды орындады.
Ұсталған алиментшілердің автокөлік бойынша қарызы 31 121 450 теңгені құрады.