Елорда тұрғыны мешіттен 12 құран кітабын ұрлады

None
None
Астана тұрғыны қаланың бірнеше мешітінде ұрлық жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.

Астана тұрғыны «Нұр Астана» мешітінен 70 мың теңге тұратын 12 «Құран Кәрім» кітабын ұрлап кетті.

«Сол күні ер адам «Әл-Ғани» мешітінде ұялы телефон ұрлығын жасады. Бірнеше күннен соң кезекті ұрлығын жасау кезінде «Әл-Ғани» мешітінің оқушылары ұстады», - деді Есіл аудандық сотында.

Сот процесі кезінде жәбірленуші сотталушымен мәмілесу туралы келісімге келді. Тараптардың мәмілесуі негізінде қылмыстық іс тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram