Елорда жастары өздерінің материалдық жағдайларына көңілдері толады және діни, этникалық қайшылықтарды қолдамайды - Зерттеу қорытындысы

АСТАНА. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ -   «Этно-саяси және гуманитарлық зерттеулер орталығының» жүргізген зерттеулері елордалық жастардың діни, этникалық қайшылықтарды қолдамайтындықтарын көрсетті. Бүгін Астанадағы Ұлттық кітапханада өткен дөңгелек үстел отырысы барысында орталық жүргізген сауалнаманың қорытындылары жарияланды,

Елорда жастары өздерінің материалдық жағдайларына көңілдері толады және діни, этникалық қайшылықтарды қолдамайды - Зерттеу қорытындысы

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.     

Сауалнама қалалық Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен қыркүйек айында өткізіліп, онда жастардың жалпы портретін анықтауға бағытталған сауалдар жасалды. Астана тұрғындарының төрттен бірін 18-29 жас аралығындағы азаматтар, яғни жастар құрайды. Сауалнама мақсаты дінаралық және ұлтаралық факторлар жастардың қоғамдық өмірінде қандай рөл мен маңыз атқаратындығын саралау болды. Сұраусалынған 660-қа тарта 18 бен 29 жас шамасындағы Астана жастарының 83,4 пайызы елдегі ұлттық және діни қарым-қатынас ахуалын оң бағалайды. Тек 15 пайызы ғана ахуал нашар екендігін көрсеткен. Бұл елордалық жастардың этникааралық қарым-қатынастар характерінің жағымды екендігін көрсетеді.

Сонымен қатар, сауалнама таныстырылымында зерттеу орталығының сарапшысы Людмила Куцик, елорда жастарының басым бөлігі (78 пайызы) өздерінің материалдық жағдайы мен жеткен жетістіктеріне көңілтоқтық білдірген. Өз жетістіктеріне көңілі толмайтындар 19 пайызды құраған. Жастардың 50 пайызы өмір сүру көрсеткішінің орта деңгейіне ие екендіктерін айтқан. Ал 32,2 пайызы отбасылық кірістердің орта деңгейінен көп пайда табатындықтарын мәлім еткен.

«Жалпы Астанадағы этникааралық және конфессияаралық қарым-қатынастың даму динамикасы жағымды қалыптасып келеді. Жастар арасында ұлттық немесе діни кемсітушілік тән емес және ол білімі өте төмен бірен-саран жеке азаматтарда ғана көрініс тауып отыр», дейді Л.Куцик.