Елорда жолдарында өліммен аяқталған жол-көлік оқиғаларының саны 40 пайызға азайды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық ІІД-нің Жол полициясы басқармасына сілтеме жасап.
ЖПБ-нан хабарлағанындай, жыл басталғалы бері жол полициясы басқармасының қызметкерлері жолда жүру ережесін бұзудың 158 785 фактісін анықтады. Оның ішінде, 5 290 жүргізуші - көлікті мас күйінде айдағандар. Олардың 776-сы әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ, полиция назарына іліккендердің 5611-і - қауіпсіздік белдіктерін қолдану ережелерін бұзғандар, 3 128 - автокөлікті басқару кезінде ұялы телефонды қолданғандар және 3 106 - жаяу жүргіншінің құқықтарын бұзушылар.
Соңғы 10 айда Жол полициясы басқармасында астана жолдарында орын алған 303 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Олардың салдарынан 44 адам (2008 жылы - 74) мерт болып, тағы 323 адам (2008 жылы - 337) түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды.
Өткен жылмен салыстырғанда тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны - 6,2 пайызға, зардап шеккендер - 4,2 пайызға және қайтыс болғандардың саны - 40,5 пайызға азайды.