Елордада 1-11 сыныптың мектеп бағдарламасы бойынша бейнесабақтар жазылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 1-11 сыныптың мектеп бағдарламасы бойынша бейнесабақтар жазылуда. Бұл туралы бүгін елорда білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев мәлім етті.

Елордада 1-11 сыныптың мектеп бағдарламасы бойынша бейнесабақтар жазылуда

«Қазіргі уақытта біздің үздік ұстаздардың бейнероликтерін жазып жатырмыз. Бұл оқушыларға үй жағдайында сабақ үлгерімін жақсартуға мүмкіндік береді. Сондықтан біз жылдың соңына дейін 1-11 сыныптың барлық сабақтарын жазуды жоспарлаудамыз. Дәрісті ең үздік оқытушылар оқитын болады», - деді қала әкімі.

Жоба Online school Astana деп аталады. Бейнесабаққа жазбаша конспектілер, мәтіндер, жаттығулар, инфографикалар қоса беру жоспарланған.