Елордада 1 574 отбасы биыл баспаналы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасып жатыр. Астана қаласы Құрылыс басқармасының мәліметінше, қазіргі кезде бағдарлама аясында жалпы ауданы 130 мың шаршы метрді құрайтын 2 671 пәтерлік сегіз тұрғын үй салынып жатыр, деп хабарлады astana.kz.

Елордада 1 574 отбасы биыл баспаналы болады

Алдағы екі айда бес тұрғын үй кешенін пайдалануға беру жоспарланған. Осылайша, 1 574 отбасы жыл соңына дейін қоныс тойын тойлайды. Мына бағыттар бойынша бағдарламаға қатысқан азаматтар баспаналы болады:

- «Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша жалпы ауданы 25, 2 мың шаршы м құрайтын 472 пәтерлік Сауран және №24 көшелерінің қиылысында және Айнакөл көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендері;

- «Жас отбасылар» бағыты бойынша жалпы ауданы 38,3 мың шаршы метрді құрайтын 672 пәтер. Тұрғын үй кешендері Тілендиев даңғылының оңтүстігінде Сарыбұлақ өзенінің бойында және Сарайшық көшесінің оңтүстігінде орналасқан;

- «Кезекте тұрғандарға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша жалпы ауданы 17,1 мың шаршы метрді құрайтын 430 пәтер. Бағдарламаға қатысушылардың осы санатына арналған тұрғын үй кешендері Сарайшық көшесінің және Тілендиев даңғылының оңтүстігінде, Сарыбұлақ өзенінің бойынан орын тепкен.

1097 пәтерге арналған қалған үш тұрғын үй кешенін 2015 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Олар Брусиловский, Иманов, Жұбанов көшелерінің аумағында және Тілендиев даңғылының оңтүстігінде орналасады.

Жалпы бағдарламаны іске асыру аясында 2013-2020 жылдары 63 млн шаршы метрге жуық жаңа баспана тапсырылмақ, соның есебінен 1 миллионға жуық қазақстандық отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарады.

Иностранец организовал тайник в грузовике для нелегальной миграции в Казахстан
Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда заңсыз миграция арнасы: жүк көлігіндегі құпия орын әшкереленді