Елордада 11 бағыт бойынша қала маңына қатынайтын автобустар тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын бірқатар автобустар тоқтатылды, деп хабарлайды «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі.

Елордада 11 бағыт бойынша қала маңына қатынайтын автобустар тоқтатылды
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты, қала маңына қатынайтын №№ 305, 308, 309, 310, 311, 312, 315, 316, 317, 318, 327 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда» делінген хабарламада.