Елордада 11 емхана тегін медициналық көмек көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қала тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, бүгінгі күні аралас типті 11 емханада алғашқы медициналық санитарлық көмек тегін көрсетіледі, деп хабарлады astana.kz.
None
None

Сондай-ақ, жеке меншікті 5 медициналық ұйым да («Салауатты Астана» ЖШС, «Медициналық орталық», «Кировская» СДА, «Орталық жол ауруханасы» және «Медикер» ЖШС) тегін медициналық қызмет көрсетеді.

Балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға да зор көңіл бөлінеді. 18 жасқа дейінгі балалар тіркелген жері бойынша алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету ұйымдары мен қалалық балалар стационарларында жоспарлы және шұғыл медициналық көмекке қол жеткізе алады. Амбулаториялық кезеңде: - балаларға бекітілген аурулар тізіміне сәйкес екпе жасау; - 0-18 жас аралығындағы балаларды алдын ала тексеру; - балалардың есту қабілетінің тума және ұрпақтан ұрпаққа берілетін ауытқушылықтарын ерте анықтау үшін, сонымен қатар балаларда В және С гепатитін ерте анықтауға скрининг, неонатальді скрининг тегін жүргізіледі. Балалар мен ата-аналар №2 қалалық балалар ауруханасы мен №2 қалалық емханада медициналық кеңестер алып, диагностика жасата алады. Сондай-ақ, келесі республикалық медициналық ұйымдардың көмегіне жүгінуге болады: «АБҰҒО» АҚ, «РБОО» АҚ, «Нейрохирургия орталығы» АҚ, «ТОҒЗИ» АҚ. Балаларға кадиохирургиялық көмек «ҰҒМО» АҚ және «Кардиохирургия орталығында» көрсетіледі. Балаларға жоғары мамандандырылған көмек көрсету бөлінген квоталар бойынша жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар