Елордада 12-13 қазанда өтетін жәрмеңкеге қай өңірлер өнімдерін ұсынады
АСТАНА. KAZINFORM - Елімізде өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 12-13 қазанда өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігі.
Өз өнімдерін Батыс Қазақстан, Павлодар, Алматы және Жетісу өңілерінен келген аграрлар ұсынады.
Олар ет, сүт өнімдері, жемістер мен көкөністер, бал және басқа да тауарлар әкеледі.
Естеріңізге сала кетейік, биыл жәрмеңке Қарқаралы тас жолындағы «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы орында өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін жәрмеңкелерді өткізу кезеңінде № 18, 37, 303 және 323 автобус маршруттары қатынайды. Жәрмеңкелер 27 қазанға дейін өтеді.
Осыған дейін елорда әкімдігі кәсіпкерлермен 25 мың тонна өніммен қамтуға келіскенін жаздық.