Елордада 12 ақпан күні өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 ақпан күні елордада болатын маңызды шаралар шолуын ұсынады.

Елордада 12 ақпан күні өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де «Астана» концерт залында елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғындармен есептік кездесу өткізеді.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

11.00-де ЭКСПО-2017 «ArtHUB» павильонында Президенттің қатысуымен «Birgemiz» волонтерлердің фронт-офисы ашылады.

11.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған «Ұлттық кеңес. Ұлтық ынтымақ пен ықпалдастық аясындағы Абай тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абайтану ғылымы және Қайым Мұхамедханов» атты дөңгелек үстел өтеді.

15.00-де Нұр-Сұлтан қаласы «Астана су арнасы» МКК-де Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысын үйлестіру күні аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестері мен қоғамдық кеңестердің өзара әрекеттестігі» тақырыбында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтеді.

15.30-да Нұр-Сұлтан қалалық сотында «ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне заманауи сот форматын енгізу, қажетсіз сот процедуралары мен шығындарын азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы талқыланады.

16.00-де ҚР Ұлттық Музейінде «Сан қырлы символизм» атты топтық көрме ашылады.

16.00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді.