05:53, 12 Қаңтар 2018 | GMT +5
Елордада 12 қаңтарда сабақтар тоқтатылмайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы мектептерде сабақтар өткізіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық білім басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Құрметті ата-аналар! Бүгін, 12 қаңтар күні сабақтар тоқтатылмай уақытымен жүретін болады. Казгидромет деректері бойынша ауа-райы -13 градус, желдің екпіні 5м/с», - делінген ақпараттық хабарламада.
Еске сала кетсек, 11 қаңтарда Астанада қатты боран соғып, соған байланысты қалада төтенше жағдай жарияланды.
Ал, мектептерде бірінші және екінші ауысымда сабақ болмайтындығы хабарланды.
Сондай-ақ, елорда әкімі сабақтың болмайтыны жайында қайдан білуге болатынын айтып берді.