Елордада 13 миллиардтан астам теңге инвестиция салу арқылы шамамен 7,5 мың пәтердің құрылысын аяқтауға мүмкіндік бар ? Ғ. Әмрин

АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Астана қаласы бойынша қол қойылған келісімдерге сәйкес 13 миллиардтан астам теңге инвестиция салу арқылы шамамен 7,5 мың пәтердің құрылысын аяқтауға мүмкіндік бар.

Елордада 13 миллиардтан астам теңге инвестиция салу арқылы шамамен 7,5 мың пәтердің құрылысын аяқтауға мүмкіндік бар ? Ғ. Әмрин
Олардың 5 600-і ? үлескерлер. Бұл туралы бүгін қалалық әкімдікте құрылысы аяқталмай қалған нысандарды сатып алу тетіктері жөнінде өткен баспасөз мәслихатында «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қорының басқарма бастығы Ғосман Әмрин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Астана қаласының 10 құрылыс компаниясымен салынып, бірақ аяқталмаған тұрғын үйлерді сатып алу жөнінде келісім жасалды. Атап айтқанда, 23,2 миллиард теңге инвестиция туралы сөз болып отыр. Құрылыстың аяқталуы нәтижесінде 9 658 пәтер, оның 7 494-і -елордада, ал 2 164 пәтер Алматы қаласында пайдалануға беріледі, 6 526 үлескердің мәселесі өз шешімін табады және 230,8 мың шаршы метр үй экономикалық айналымға түседі. Бұл пәтерлер әрі қарай жалға берілетін үй бағдарламасы аясында пайдаланылмақ», - деп атап өтті Ғ.Әмрин.