Елордада 14 рет ұрлық жасаған азамат ұсталды

АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Астана қалалық Ішкі істер департаментінің «Сарыарқа» аудандық іздестіру бөлімінің қызметкерлері арнайы жедел-сауықтыру шарасының барысында 1981 жылы туылған елорда тұрғынын ұрлық үстінде ұстады.
None
None

Қалалық Ішкі істер департаменті тартқан мәліметтерге қарағанда, ұсталған азаматты тексеру барысында оның бір емес, бірнеше қылмыс жасағандығы анықталды. Нақтырақ айтқанда, ұсталған азаматқа елордада 14 рет ұрлық жасады деген күдік келтіріліп отыр. Ол өзінің әрекеттерін терезе әйнегін сындыру және пластиктен жасалған терезенің жиектерін бұзу арқылы жүзеге асырып жүрген. Кей жағдайда ол тіпті пәтердің есігінің құлпын бұзып та кірген. Құнды заттарды алып кету үшін ұрыға небәрі 5-10 минут жеткілікті болған. Ұры негізінен өзі түскен пәтерлерден әшекейлік бұйымдар мен ақша, ноутбук, телевизор және өзге де техникаларды алып кетіп отырған. Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың өзге де қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Соңғы жаңалықтар