Елордада 1400-ге жуық техника жолдарды қардан тазартуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда жолдарын қардан тазарту жұмыстарымен 1 657 жұмысшы айналысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Елордада 1400-ге жуық техника жолдарды қардан тазартуда

«Бүгін қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 362 техника бірлігі мен 1 657 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 10 ақпанға қараған түні 1 289 техника бірлігі мен 142 жұмысшы тартылып, 21 350 текше метр қар шығарылды (1780 рейс). Қыс басталғалы бері полигонға барлығы 276 478 рейс жасалып, 3 352 872 текше метр қар төгілді», - делінген ведомство ақпаратында.