Елордада 16 эйс жасаған қазақстандық теннисші жартылай финалға өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Бейбіт Жукаев елордада ITF сериясы бойынша өтіп жатқан W25 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Б.Жукаев ширек финалда жапониялық Имаи Шинтаромен кездесті.

Ақтау теннис мектебінің түлегі тартысқа толы матчта 6:3, 4:6, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке 2 сағат 40 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші 16 эйс жасап, 1 брейкке қол жеткізді.

Бейбіт Жукаев финалға шығу үшін үндістандық Праджнеш Гуннесваранмен таласады.

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев жұптық сында финалға өтті. Ол Беларусь өкілі Иван Лютаревичпен бірге жапониялық Имаи Шинтаро - зимбабвелік Бенджамин Люкті жеңді - 6:2, 6:3.

Қазақстандық-белоруссиялық жұп финалда эстониялықтар Даниил Глинка - Карл Саармен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан тарихында алғаш рет төрт төрешінің «Үлкен дулыға» турниріне қазылық еткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Юлия Путинцева Будапешт турнирінің жартылай финалына шықты.



Соңғы жаңалықтар