Елордада 16 жастағы қыз көпқабатты үйден секіріп, мерт болды

АСТАНА. KAZINFORM – Жасөспірімнің өлімін елорданың полиция қызметі растады.

Елордада 16 жастағы қыз көпқабатты үйден секіріп, мерт болды
Фото: Kazinform

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Кенесары және Ш. Уәлиханов көшесінің қиылысында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған. 

- Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады, - делінген қалалық полицияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Еске сала кетсек, жақында елордада 19 жастағы жігіт атылып қалған еді

Сондай-ақ, туыстарын пышақтап тастаған Астана тұрғыны туралы жазған болатынбыз

Таяуда ғана астаналық полицей жаттығу залынан шыққаннан кейін есінен танып, сол жерде қайтыс болды