Елордада 175 бала инклюзивтік біліммен қамтылды
2014 жылғы 1 маусымнан бастап көзі көрмейтін балаларға арналған №23 коррекциялық балабақшадағы топ өзінің бейінін өзгертті, деп хабарлайды елорданың ресми сайтанан.
2014-2015 оқу жылында 49 мектепте 175 бала инклюзивтік біліммен қамтылды. Барлық мектептерде кедергісіз білім алу ортасы құрылды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен мүгедектерге арналған арбаларды көтеретін арнайы құралмен жабдықталған әлеуметтік такси - инватакси мәселесі шешілді.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі құрылыс-техникалық колледжде 15 мүгедек баланы штукатур-маляр мамандығына оқыту бойынша эксперименталдық алаң ашылды. Қазақстан технология және бизнес университетінің колледжінде мүмкіндігі шектеулі 25 жасөспірімге «Дизайнер» мамандығы бойынша қашықтықтан оқыту ұйымдастырылды.
2014-2015 оқу жылында инклюзивтік білім беруді қолдау мақсатында:
- №63 орта мектепте тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған инклюзивтік сыныптар ашылды;
- Эмоционалдық-ерікті сала және инклюзивтік оқыту бойынша тәртібі бұзылған балаларға арналған №23 орта мектепте дайындау сыныбы;
- №74, 78 мектептерде инклюзивтік сыныптар ашылды.
- Қазақстан технология және бизнес университетінің колледжінде қазақ тілінде «Дизайн (профильдері бойынша)», «Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша)», орыс тілінде «Қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру», «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» мамандықтары бойыншамүмкіндігі шектеулі 40 жасөспірімді күндізгі оқыту ұйымдастырылды.
Өз бетінше жүре алмайтын балалар 20% жеңілдікпен ақылы негізде қашықтықтан оқытылады. Олар «Қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру», «Қаржы», «Экономика» және «Ақпараттық жүйелер» (қолдану аясы бойынша) мамандықтары бойынша екі тілде білім алады. Сонымен қатар, №71 орта мектепте көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «№2 психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеті» ашылды.