Елордада 18 жастағы алаяқ жігіт жасөспірім қыздардың телефонын алдап алып кеткен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада кәмелетке толмаған таныстарын алдап соққан 18 жастағы алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада 18 жастағы алаяқ жігіт жасөспірім қыздардың телефонын алдап алып кеткен

Бозбала таныс қыздарынан ұялы телефон сұраған. Ол оны қолына алғаннан кейін ыңғайлы сәтті күтіп, жасырынып қалған.

Жасөспірімдердің ата-анасы полицияға бейтаныс жігіттің «iPhone 12 Pro Max» маркалы қымбат ұялы телефондарын алдап алғанын айтып шағымданған.

Осылайша ол екі телефонды ұрлап, кейіннен бейтаныс адамдарға сатып жіберген.

Елорданың полиция қызметкерлері 18 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190 бабы бойынша алаяқтық фактісі негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.