10:31, 17 Тамыз 2021 | GMT +5
Елордада 19 жастағы көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада көлік жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып мерт қылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«16 тамыз күні сағат 22:21-де «TOYOTA CAMRY» көлігін тізгіндеген 19 жастағы жүргізуші Кенесары көшесі жақтан Республика даңғылымен келе жатып 51 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші белгіленбеген жерден, көлік құралдары қозғалысы бағытында жолды оңнан солға қарай кесіп өтпек болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттан жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс-қозғалды», - деді ведомстводан.
Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті қала тұрғындарын жолда барынша абай болуға, жол қозғалысы ережесін мүлтіксіз сақтауға шақырады.