Елордада 2 мыңға жуық жұмысшы көшелерді қардан тазартып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаланы қардан тазартуға 2 мыңға тарта жол жұмысшысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Көшелерді санитарлық тазалау жұмыстары елорданың әрбір ауданында жүргізіліп жатыр. Көшелерді тазалауға 1821 жол жұмысшысы шықты. 

Атап айтқанда, Есіл ауданында тазалау жұмыстарына 697 жол жұмысшысы қатысты. Мұнда 263 мамандандырылған техника жұмыс істейді: автогрейдер - 5, жүк артқыш - 46, жүкті өзі түсіретін көлік - 110, жүкті жинайтын техника - 4, ПМ - 38, ПС - 8, щеткалы трактор - 39, МКСМ - 12, ротор - біреу.

Сарыарқа ауданында тазалық жұмыстарына 194 техника жұмылдырылды. Жолдарды тазалауға 575 жұмысшы шықты. 16 қазаннан бастап 22 қарашаға дейін 19 979 текше қар шығарылды. 21 - 22 қарашада қар полигонына 550 текше қар жеткізілді.

Алматы ауданында тазалық жұмыстарына 277 техника тартылды. Аудан көшелерін 602 адам тазалады. 21 қарашадан 22 қарашаға дейін қарлы полигонға 1736 текше метр қар шығарылды. 

Соңғы жаңалықтар