08:09, 14 Тамыз 2019 | GMT +6
Елордада 2 мыңнан астам жеңілдігі бар заңсыз көлік картасы анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада барлық жеңілдігі бар көлік карталарына Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығының дерекқорымен салыстыру жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.
«13-16 тамыз күндері барлық жеңілдігі бар көлік карталарына мониторинг жүргізіледі және олар Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығының (ӘТВЕО) базасымен салыстырылады», - делінген Астана LRT компаниясы таратқан хабарламада.
Аталмыш орталықтың дерекқорында тіркелмеген карталар бұғатталады. Өткен айда тексеру кезінде тіркелмеген 2 277 жеңілдігі бар карта анықталды.
Фото авторы Сұлтан Сейітов