Елордада 2012 жылдың 1 тоқсанында эфирлік-сандық телеарна іске қосылады

ТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Астанада 2012 жылдың 1 тоқсанында эфирлік-сандық телеарна іске қосылады.
None
None

Бұл туралы бүгін елорданың инновациялық дамуына арналған «Smart Astana-2011» конференциясы барысында ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

«Эфирлік-сандық телеарна 2012 жылдың 1 тоқсанында елордада пайда болады. мен 3G туралы айтып отырғаным жоқ, өйткені бұл технология біраз уақыттан бері Астанада жұмыс істеуде. Біз 4G технологиясы бойынша ілкі жоба келесі жылдың соңына дейін аяқталады деп күтудеміз. Ал 2013 жылдың басында бұл технология Астанада өндірістік іске қосылып, осыдан кейін біртін-біртін басқа қалаларда дамиды», - деді А.Жұмағалиев.

Айта кетейік, Астана инфрақұрылымын кешенді жаңғыртуға бағытталған «Smart Astana» («Ақылды қала») жобасы қала тұрғындарының жұмысы мен демалысы жайлы болуына қажетті жағдайды жасайды. Жобаның негізі еуропаның «ақылды» қалаларды дамыту моделінен алынған. Олар ақылды экономика, ұялы байланысқа қолжетімділік, ақылды қоршаған орта, ақылды әкімдік, ақылды тұрғын үй ортасы, ақылды адамдар сынды 6 сипаттамаға негізделеді.

ҚазАқпарат анықтамасы: 4G (ағылшын сөзі: fourth generation - төртінші буын) - мәліметтерді беру жылдамдығымен және дыбыстық байланыстың жоғары сапасымен сипаталатын ұялы байланыс буыны.

Соңғы жаңалықтар