Елордада 2017 жылы бес балабақша ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы елордада жаңадан бес балабақша ашылады. Бұл туралы бүгін Астана қалалық əкімдігінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларының таныстырылымына арналған дөңгелек үстел барысында «Astana Innovations» АҚ Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту басқармасының басшысы Əлия Бикеева мəлім етті.

Елордада 2017 жылы бес  балабақша ашылады

«№29 жəне  №36 көшелерінің қиылысында ашылатын балабақшаның инвестициялық құны - 1 млн 536 мың теңге; Хусейн бен Талал көшесі мен  №36 көшенің қиылысындағы балабақшаның құны - 1 млн 419 мың теңге;  №200 жəне  №321 көшелердің қиылысындағы балабақшаның құны - 1 млн 093 мың теңге, Е51, Е54, Е77, Е79 көшелерінің қиылысындағы балабақшаның инвестициялық бағасы - 1 млн 279 мың теңге, Алматы көшесіндегі - 1 млн 092 мың теңге», - деп мəлім етті Ə.Бикеева.

Бұл балабақшалар 1 440 бүлдіршінді мектепалды біліммен қамтиды.