Елордада 23 автобустың бағыты уақытша өзгертілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін 23 қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

Елордада 23 автобустың бағыты уақытша өзгертілді

Жол жөндеу аяқталғанша № 5, 5А, 20, 12, 21, 25, 31, 40, 71, 48, 7, 14, 19, 72, 6, 9, 10, 23, 22, 22А, 33, 37 және 81-інші автобустар өзгертілген маршрут бойынша қатынайтын болады.