Елордада 23 мыңнан астам жұмыссыз тұрады
АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - 2012 жылдың үшінші тоқсанындағы мәліметтер бойынша елордадағы жұмыссыздар деңгейі 5,6%-ды құрайды. Елорданың ресми сайтының жазуынша, белсенді түрде табысы көп жұмыс іздеп және оны атқаруға дайын астаналықтардың саны 23,4 мың адамды құрайды. Бұл туралы қалалық статистика департаменті мәлім етті.
Сондай-ақ, Департамент мәліметтері бойынша, қала экономикасымен 395,3 мың адам айналысады. Олардың 92,6 пайызы - жалдамалы жұмысшылар болса, қалған 7,4 пайызы - өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар.