Елордада 25 автошабандоз полицейлердің қолына түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полицейлері қала әкімінің талабы бойынша көшедегі заңсыз автокөлік жарыстарын болдырмау үшін нысаналы жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
2017 жылдың басында Астана қалалық ІІД-нің жергілікті полиция қызметі жастардың жиналған 8 жерін анықтап, көлікті агрессивті басқарудың жолын кесті.
«Тұтқындалған 25 «автобұзақыға» қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылды», - делінген елордалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Астанада жыл басынан бері жол ережесін бұзудың 38 фактісі тіркелді.