Елордада 30 мамыр мен 1 маусым аралығында қозғалыс ішінара шектеледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада өтетін балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруіне байланысты 30 мамыр мен 1 маусым аралығында көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды astana.kz.

Елордада 30 мамыр мен 1 маусым аралығында қозғалыс ішінара шектеледі

«2019 жылдың 1 маусымында «Қазақ Елі» еліміздің бас алаңында елорда тұрғындарының қатысуымен балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтеді. Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық ұжымдарының шеруіне байланысты 2019 жылғы 30 мамыр мен 1 маусым күндері сағат 07.00-ден 13.00-ге дейін Нұр-сұлтан қаласында келесі көшелер бойынша қозғалыс шектеледі: Тәуелсіздік көшесі мен Нәжмеденов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін; Байтұрсынов көшесі мен Тәуелсіздік көшесінен Аманжолов көшесіне дейін; Аманжолов көшесі Байтұрсынов көшесінен Нәжмеденов көшесіне дейін; Нәжмеденов көшесі Аманжолов көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейін", - деп мәлім етті әкімшілік полиция басқармасы.