Елордада 30 шақты автобустың жүретін жолы өзгерді

Автобус лето люди жаз адамдар Астана
Фото: Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — City Transportation Systems компаниясы жөндеу жұмысына байланысты бірнеше автобустың бағдарына өзгеріс енгенін еске салды.

Ведомство мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 3, 4, 4А, 15, 15А, 19, 30, 40, 47, 51, 56, 61, 202, 121, 10, 37, 49, 50, 51, 53, 55А, 55, 55Б, 66, 201, 302, 303, 308, 309 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерген.

Ауысқан қозғалыс сызбасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар.

Кеше кешкісін Астана әкімдігі сондай-ақ № 2, 7, 12, 13, 26, 36, 46, 50, 53, 54, 64 маршруттар да басқа жолмен жүретінін ескерткен болатын. 

«Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз» деп ескертеді City Transportation Systems баспасөз қызметінен.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram