Елордада 35 градус ыстық болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты елордада ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйеніп хабарлайды: 1 тамыз күні найзағай ойнап, күндіз дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз оның екпіні 15-20 м/с болады. Сондай-ақ күндіз 35 градус қатты ыстық болжанады», - делінген «ІKomek» бірыңғай байланыс орталығы таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай облыстарында да ескерту жарияланған болатын.