Елордада 36 жастағы азамат ысты газға уланды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - Елорданың Сарыарқа ауданында Бейбітшілік көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің біріндегі пәтер өртенді.

Елордада 36 жастағы азамат ысты газға уланды - ҚР ТЖМ

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.

Үшінші қабаттағы пәтер отқа оранған. Тілсіз жау 5 шаршы метр аумақты шарпыды. Жалынды ауыздықтау жұмыстарына ҚР ТЖМ Астана қалалық өрт сөндіру қызметінің 15 маманы мен 3 техникасы тартылды. Ысты газға уланған 36 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.