Елордада 4 сыныпқа дейінгі оқушылар түстен кейін сабақты қашықтан оқиды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада екінші аусымдағы 0-4 сынып оқушылары мектепке бармай, сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаланың Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап,

Елордада 4 сыныпқа дейінгі оқушылар түстен кейін сабақты қашықтан оқиды

«Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Білім басқармасының шешімі бойынша 2021 жылғы 11 наурызда ауа райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын, көктайғақ, қатты жел) қала мектептерінің ІI–ші аусымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысатыны туралы хабарлайды», делінген хабарламада.