Елордада №40 автобустың қозғалыс кестесі өзгерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жолаушылардың өтінішіне байланысты, №40 автобустың қозғалыс кестесі өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада №40 автобустың қозғалыс кестесі өзгерді

«Жолаушылардың өтініштеріне байланысты, «Барыс-Арена» мұз айдынына, сондай-ақ Тұран даңғылындағы жаңа нысандарға көлік қызметін көрсету мақсатында, 2018 жылғы 10 қазаннан бастап №40 бағдардың қозғалыс сызбасы өзгертілді», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, бағдардың автобустары бастапқы «Теміржол вокзалы» аялдамасынан Тұран даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүріп, ары қарай Тұран даңғылымен тура, сосын солға - Ұлы Дала даңғылына, оңға - Қабанбай батыр даңғылына бұрылып, ары қарай тағы да қазіргі қозғалыс сызбасы бойынша жүреді. Кері бағытта да дәл осы бағдармен жүреді.