Елордада 40 мың бастауыш сынып оқушысы кезекші топтарда білім алады
«Бір жұмадан кейін жаңа оқу жылы басталады. Оған біздің мұғалімдердің дайындығы жоғары 1-4 сынып аралығындағы 40 мыңнан астам бала кезекші топтарда оқуға өтініш білдіріп отыр. Соған біз дайын болуымыз керек. Әрине, вирус ешқайда кеткен жоқ. Тәртіпті өзімізден бастауымыз керек. Мектептерге балалар келеді және олардың қауіпсіздігі ең бірінші орында болуы керек. Әлеуметтік ара қашықтық сақталып, антисанитайзерлер орнатылуы тиіс. Адамдар көп шоғырланған жерде міндетті түрде маска киюіміз қажет»,- деді елорда әкімі.
Сонымен қатар ол педагогтарға салмақ артатындығын баса айтып, білім беру сапасын төмендетпеу қажеттігін ескертті.
«Соған біз ерекше көңіл аударуға міндеттіміз. Ол үшін барлық жағдай жасалды. Енді ол мұғалімдерге тікелей байланысты», - деді Алтай Көлгінов.