Елордада 40-тан астам алаяқтық ісіне қатысы бар күдікті ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM - Полицияға қала тұрғыны жүгініп, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын хабарлаған.

Елордада 40-тан астам алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды
Фото: Kazinform

Жәбірленушінің айтуынша, ол Olx қосымшасына шыққан хабарландыру бойынша хабарласып алданып қалған. 

Есіл ауданы ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу кезінде алаяқтық жолмен ақша иемденген 31 жастағы тұрғынды анықтады.

Тергеу барысында ер адам Olx қосымшасында жиһаз сатамын деп алдап, дәл осындай іске қатысты 40-тан аса эпизоды бар екені белгілі болды.

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін Астанада ауыр қылмыс жасаған криминалитет өкілдері ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз