Елордада 400 мың адам Президент сайлауында дауыс береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда сайлаушыларының саны шамамен 400 мың адамды құрайды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Астана қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Игілік Жалбыров айтты.

Елордада 400 мың адам Президент сайлауында дауыс береді

«Қазіргі уақытта сайлаушылар тізімдерін салыстыру жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала деректерге сәйкес сайлаушылар саны шамамен 400 мың адамды құрайды», - деді ол.

Сонымен қатар ол өз сөзінде еліміздің Конституциясына және «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес республика азаматтары мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау және сайлану құқығы бар екендігін атап өтті.

«Алдағы ҚР Президентінің сайлауы біздің тағдырымызда маңызды рөл атқарады. Сондықтан елорда сайлаушылары сайлауға белсенді қатысатынына сенемін», - деді И.Жалбыров.