Елордада 5 адам иіс тиіп уланып қалды, оның үшеуі - балалар

АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат - Елордада 5 адам иіс тиіп уланып қалды, оның үшеуі - балалар.

Елордада 5 адам иіс тиіп уланып қалды, оның үшеуі - балалар

Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Төтенше оқиға Промышленный ауылындағы саяжай үйлерінің бірінде орын алған. Қатты отынмен жанатын пештегі ақаудан шыққан түтінен 5 адам, оның ішінде 3 бала уланып қалған. «Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді», делінген баспасөз ақпаратында.