Елордада 5 адам, оның ішінде 5 жасар қыз пропан газына уланып қалды
АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Елордада 5 адам, оның ішінде 5 жасар қыз пропан газына уланып қалды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Кеше елорданың Сарыарқа ауданында орналасқан жеке тұрғын үйде 20, 24 жастағы қыздар және 18 жастағы 2 бөйжеткен, сонымен қатар 5 жасар қыз пропанға уланып, ауруханаға жеткізілді.