Елордада 5 жасар бала мен бір азамат суға кетті
АНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Елордада 5 жасар бала мен бір азамат өзенге батып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның мәліметіне сәйкес, кеше шамамен кешкі сағат 20-00-де Сарыарқа ауданы аумағында, Гребаново өзенінде резеңке қайық аударылып, онда болған ер адам пен 5 жасар бала суға кеткен.
Олардың денесін іздеу бүгін басталады. Оған ҚР ТЖМ Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті суда құтқару қызметінің мамандары жұмылдырылады.