Елордада 6 мекеме карантин шектеуін сақтамаған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың мониториг топтары өткен түнде карантин талабын бұзған 6 мекеме анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Елордада 6 мекеме карантин шектеуін сақтамаған


Есіл ауданының мониторинг тобы «Fashionbar» караоке-барында, «Velluto» дәмханасында және «Alanya» барында жұмыс режимінің сақтамағанын тіркеді.

Карантин бұзушылар тізіміне Байқоныр ауданында орналасқан «Мята» бары мен «Бистро» дәмханасы, сондай - ақ Сарыарқа ауданында орналасқан «Oasis» дәмханасы кірді.

Тәртіп бұзушыларға қатысты барлық материал әкімшілік шара қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы органға берілді.