Елордада 6 мектеп екі апталық карантинге жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада оқу жылының екінші тоқсаны басталғаннан кейін 6 мектеп екі апталық карантинге жабылды. Мұндай ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада 6 мектеп екі апталық карантинге жабылды

«Бір бала ауырса бүкіл мектепті жабу туралы шешім осы екінші тоқсанға байланысты қабылданған. Алғашқы тоқсанда мектеп жабылған жоқ. Тек бала ауырған сынып қана карантинге кететін», - деді білім басқармасынан.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Прәлиеваның коронавирус инфекциясының таралуына қарсы жаңа қаулы шығарғанын жазған болатынбыз.