Елордада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – ЭКСПО аумағында 6 шілде күні сағат 18:00-де «Open Air» мерекелік концерті өтеді. Салтанатты шара аяқталғаннан кейін дрондар шоуын өткізу жоспарланып отыр. 

Елордада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді
Фото: Астана әкімдігі

Дрондар шоуының болжамды уақыты – сағат 22:15-те (22:30). Дрондар шоуы үшін аспанға радиомен басқарылатын 1 250 аппарат ұшырылады, оның 70-і – пиротехникалық дрон. Бұл – дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Шоу қазақстандық және шетелдік композиторлардың әуенімен үндестіріледі. 

Айта кетейік, аталған іс-шара демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады. 

Еске салсақ, бұған дейін Астанада Қазақстан мәдениетінің апталығы өтіп жатқанын жазған едік.