Елордада 6 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды

Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Елордалық ІІД Сарыарқа аудандық ІІБ-ға 2007 жылдың қараша айында зорлық-зомбылық белгілерімен әйел адамның мүрдесі табылғаны туралы хабар түскен. Аталмыш жайт бойынша ҚР ҚК «Адам өлімі» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Айуандықпен жасалған қылмыстық істі тергеу жұмыстары бірнеше жылға созылды. Нәтижесінде 2007 жылдың маусымында оған қатысы бар күдіктілер қолға түсті. Олар елордада тұратын, бұған дейін бірнеше рет сотталған 43 және 28 жастағы ер адамдар болып шықты.
Тергеу барысында күдіктілер 2007 жылдың қараша айында қарақшылық мақсатта шабуыл жасағанын мойындады. Ашы суға тойып алған екеу әйелдің ақшасын тартып алып, қылмыстарын жасыру үшін оны өлтіруге бел буған. Оны соққының астына алып, травматикалық тапаншадан атып, оқиға орнынан іздерін жасырған. Ашық бас сүйек-ми жарақатынан әйел сол жерде көз жұмды.
Бүгінгі таңда күдіктілер Астана қалалық уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.