Елордада 60-тан астам МИБ пен ПИК-ке 1,5 млн теңге айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері ПИК және МИБ-қа қызмет көрсететін 64 ұйымға үйлердің іргелес аумақтарын тиісінше тазаламағаны үшін 1 млн 545 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада 60-тан астам МИБ пен ПИК-ке 1,5 млн теңге айыппұл салынды

Бұдан басқа, орамішілік аумақтарды қардан, мұздан және қоқыстан уақтылы және тиісінше жинамағаны, қалдықтарды уақтылы әкетпегені үшін 56 мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 2 млн 175 мың теңге айыппұл салынды.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері абаттандыру ережелерін бұзғандарды анықтауға бағытталған рейдтер жүргізіп отырады. Бұл құқық бұзушылық ҚР ӘҚБК 505-бабымен тіркеліп, оларға ескерту немесе айыппұл түріндегі жаза тағайындалады.