Елордада 65 мың адам вакцина алды – Ауыр асқыну тіркелген жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов елордадағы вакцина салу көрсеткіштерін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясымен күрестің маңызды кезеңі – халықты вакциналау. Вакцинация күшті профилактикалық шара болып саналады және оны қолданудың пайдасы аурудың ықтимал қауіптерінен едәуір асып түседі. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін 600 мыңнан астам адамға немесе қала тұрғындарының кем дегенде 60%-ын вакциналау жоспарланған», - деді спикер елорда әкімдігінде өткен брифингте.

Бүгінгі таңда елордада 65 мыңға жуық адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алды. Бұл медициналық қызметкерлер, оқытушылар, құқық қорғау органдарының, дипломатиялық қызметтердің қызметкерлері және созылмалы аурулары бар адамдар және барлық тілек білдірген азаматтар.

Дәрігердің айтуынша, вакцинадан кейінгі ауыр асқынулар тіркелмеген.

«Халықты вакцинациялаумен кеңінен қамту үшін қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасымен егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайтылды, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары үшін жұмыс уақыты 8:00-ден 24:00-ге дейін, ойын-сауық орталықтарында 10:00-ден 22:00-ге дейін ұзартылды. Сондай-ақ, қаланың екі ірі «Mega Silk Way» және «Хан Шатыр» ОСО-ларында егу аймақтары ұйымдастырылды. Мысалы, тек бір апта ішінде «Mega Silk Way» 1 800-ден астам адамға коронавиурсқа қарсы екпе салды. Жақында мұндай пункттер «Керуен» сауда орталығы мен мен «Абу-Даби Плаза» кешенінде де ашылады. Қажет болған жағдайда вакцинация пункттері қаланың қонақ үйлерінде де ашылады», - деді Т. Мұратов.


Соңғы жаңалықтар