Елордада №69 автобустың қозғалысы уақытша тоқтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанада №69 жолаушылар автобусының қозғалысы тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «CTS» компаниясына сілтеме жасап.
«Жол жұмыстарына және мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығынан зират бұрылысына дейінгі айналма жол учаскесінің жабылуына байланысты №69 бағдардың қозғалысы уақытша тоқтатылатынын хабарлаймыз.
Бағдардың қозғалысы жол жұмыстары аяқталғаннан кейін қалпына келтіріледі. Бұл туралы қосымша хабарланатын болады», - делінген компания мәліметінде.