Елордада 7 қаңтар күні автобустар жүреді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 7 қаңтар күні қоғамдық көліктер жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

Елордада 7 қаңтар күні автобустар жүреді

«Мінекей жаңажылдық демалыстар да аяқталды. Алда Рождество мерекесіне орай тағы бір демалыс күні болады. Алайда қоғамдық көлік әдеттегідей жұмысын жалғастырады. 7 қаңтарда автобустар жүреді. Бетперде тағу режимін сақтауды ұмытпаңыздар, жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді», делінген хабарламада.