Елордада 8 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың мониторинг топтары қаланың кәсіпкерлік объектілері арасында 8 карантин бұзушыны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.
None
None

Есіл ауданында белгіленген уақыттан кейін «Панаехали» бары мен «Opus One» мейрамханасы келушілерді қабылдаған. Байқоңыр ауданында орналасқан «Зейд» демалыс клубында карантин шектеуі сақталмағаны анықталды.

Жұмыс режимінің бұзылуы Алматы ауданының тағы 5 мекемесінде – «Паначи» барында, «Плов центр» кафесінде, «Алания» түнгі клубында, «Тема» компьютер клубында және «Дөнер» кафесінде тіркелді.
Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған барлық материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық жағдай құбылмалы, коронавируспен ауырғандар саны өсіп келеді.


Соңғы жаңалықтар