Елордада 8 желтоқсан күні XIV Қысқы қайырымдылық балы өтеді
2012 жылдан бастап «Болашақ» корпоративтік қоры жыл сайын Қысқы қайырымдылық балын өткізіп келеді, деп хабарлайды Kazinform.
Жиналған қаражат «Болашақ» қорының «Әр бала мектепке баруға лайықты» және «Жол жүру гранттары» қайырымдылық бағдарламаларына бағытталады.
Бал бағдарламасында: дебютанттармен билер – классикалық вальстен от шашқан дискоға дейін, мәзірі талғампаздықпен жасалған салтанатты кешкі ас, танымал әртістер Қазыбека Құрайыш пен Qanay-дың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің және солисттер Зарина Божақова мен Әлібек Альмадиевтің өнер көрсетуі.
Дәстүр бойынша құнды өнер және спорттық атрибутика заттары қойылған бірегей лоттар аукционы, сондай-ақ бағалы жүлделер ұтыс ойыны өткізіледі. Олардың ішінде «Turkish Airlines» ұсынған Астана – Мадрид – Астана бағытында ұшуға екі кісілік билет, Evrika компаниясынан 2 млн теңгеге сертификат, сондай-ақ сұлулық индустриясы және медициналық қызметтер саласындағы компаниялардан сыйлық сертификаттары және басқалар бар.
XIV Қысқы қайырымдылық балы «Нұрбанк» АҚ, «Caspian Integrated Services», «Borkit International Ltd» компанияларының, «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ, сондай-ақ «Hilton Astana», «А-Event KZ» және «MYD Production» компанияларының демеушілік қолдауымен өткізіліп отыр.
Балдың серіктестері: «Air Astana» әуекомпаниясы, «Red Panda» баспасы, «The Sun», Evrika компаниялары, Астана қаласының әкімдігі, Turkish Airlines, Испания Корольдігің Хатшылығы, «Bekesh textile» маталар үйі, Астана қ. Халықаралық мектебі, Дәрігер Сафидің емханасы, «Good Project», «Doctor Dent» компаниялары, «Argymaq» қазақстандық үздік бренд, «TUMI» компаниясы, «Coffeeday» кофеханалар желісі, «Life Fitness» фитнесс-орталығы, «Дом у озера» қонақүйі, «Coffeeboom» кофеханалар желісі, Қазақстан футбол федерациясы, Қазақстан шахмат федерациясы, «Пхали и Хинкали» мейрамханасы, «17.Office» шоу-румы, «MEGA Silk Way» СОСО.
Балдың ақпараттық серіктестері: «Jibek Joly» ұлттық телеарнасы, спутниковый «Silk Way» халықаралық арнасы, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі, «We Project» халықаралық порталы, «Sxodim Group» медиахолдингі, «NUR Media» холдингі, «Sputnik Қазақстан», «BES.media», «Massaget.kz», «Smartnews.kz» ақпарат агенттіктері.
XIV Қысқы қайырымдылық балы 8 желтоқсанда жұма күні Астана қ. Гейдар Алиев к. 14 мекенжайы бойынша «Hilton Astana» қонақүйінің «Grand Ball room» залында өтеді.
XIV Қысқы қайырымдылық балының анонсты ролигін осы сілтеме бойынша көруге болады.
Бағдарлама:
18:30 – 19:00 Ұйымдастырушылар мен демеушілермен сұхбат
19:00 – 19:30 Қонақтардың жиналуы, фуршет, фотсуретке түсу, бал ұйымдастырушыларының есептік материалдарымен танысу.
19:30 – 19:45 Балдың ашылуы, дебютанттардың өнер көрсетуі, ұйымдастырушылар мен серіктестердің сөз сөйлеуі.
19:45 – 23:00 Бал