Елордада 8 жылдың ішінде 130 мыңға жуық сәби дүниеге келді
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанадаа 2006-2013 жылдар аралығында 128 935 сәби дүние есігін ашты.
Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Әділет департаментінен хабарлады.
2006 жылы халықтың табиғи өсімі 9453, 2007 жылы 11 955 адамды құрады, 2008 жылы - 13 800, 2009 жылы - 15 453, ал 2010 жылы 16 482 бала туған. 2011 жылы бұл көрсеткіш 18 822, 2012 жылы 20 791 және өткен жылы 22 179 адамды құрады.
Айта кетейік, соңғы 8 жылдағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, елорданың демографиялық жағдайында оң үрдіс байқалады. Осылайша, 2012-2013 жылдары көрсеткіштер айтарлықтай өскен. Жыл сайын туу көрсеткіші 2 300-2 450 адамға артады, бұл 15-20% құрайды. Бұдан басқа, 2006-2013 жылдары қалада 1 162 баланы асырап алған. Ең жоғары көрсеткіш 2013 жылы (176 баланы асырап алған) тіркелген.